Біз туралы

Құрметті оқырман,өздеріңізбен қуанышты жаңалықты бөлісуге асықпыз.Тұран даласында
жаңа мектеп бой көтерді.Енді 3000 шаршы метр аумақты қамтитын үш қабатты ғимараттың
құрылысы биылғы жылдың қазан айында аяқталып,2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанында
қолданысқа берілді.Жоспар бойынша,мектеп екі аусымда 1300 оқушыны қабылдайды.Бұл
шара мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында қолға алынды.Мектебіміз жаңа талапқа сай
салынды.Мектебіміздің дамуы білікті ұстаз қолында.Олай болса, ұстаздар міндеті-оқушы
бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.Мектебіміздің оқушы саны мен
білім сапасын қатар арттыру-біздің негізгі мақсатымыз.Балаларымыз зəулім,қауіпсіз ортада
білімін шыңдайтын болады