Біз туралы

Сіздің балаларыңыз үшін ең жақсы мектеп

 

«Turan mektebi»- ерекше әрі сапалы жағдайларды ұсынатын, Шымкент қаласында орналасқан мектеп🎓
Мектептің білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін анықтап, дамыту және бәсекеге қабылетті, адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу🌍

Білім сапасы

Сіздің балаларыңызға арналған білім сапасы

Құрметті оқырман,өздеріңізбен қуанышты жаңалықты бөлісуге асықпыз.Тұран даласында жаңа мектеп бой көтерді.Енді 3000 шаршы метр аумақты қамтитын үш қабатты ғимараттың құрылысы биылғы жылдың қазан айында аяқталып,2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанында қолданысқа берілді.Жоспар бойынша,мектеп екі аусымда 1300 оқушыны қабылдайды.Бұл шара мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында қолға алынды.Мектебіміз жаңа талапқа сай салынды.Мектебіміздің дамуы білікті ұстаз қолында.Олай болса, ұстаздар міндеті-оқушы бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.Мектебіміздің оқушы саны мен білім сапасын қатар арттыру-біздің негізгі мақсатымыз.Балаларымыз зəулім,қауіпсіз ортада білімін шыңдайтын болады